18.03.2025 жж Т.Бигелдинов атындағы #1 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойын-рухани мұра”атты сайысы өтті. Қазақ халқының ұлттық ойындары ежелден кележатқан рухани құндылықтарымыздың бірі. Біздің парызымыз – бүгінгі жасөспірімді осы ойын түрлерімен таныстыру,ұлттық ойындар арқылы оқушылардың өз ұлтының әдеп-ғұрпына,салт дәстүріне деген қызығушылығын ояту.
Әрбір елдің мәдени мұрасы оның тарихы,дәстүрі мен құндылықтарының байлығын көрсетеді. Қазақстанда осы байлықтың жарқын бір көрінісі – ұлттық болмысты, бірегей елдің мәдени мұрасын сақтауда маңызды рөл атқаратын ұлттық ойындар. Мәселен, қазақ халқында ежелден келе жатқан “Тоғызқұмалақ” «Алтын сақа», “Сақина салу”«Ханталапай», «Асық ойыны»”Арқан тарту” “Соқыртеке””Сақина салу”ұлттық ойындары еске оралады.Ұлттық ойын-баланың ақыл-ойын дамытып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, дүние танымын қалыптастыратын тәрбие құралы.Тамыры тереңнен тартылған ұлттық спорт түрлері халық құндылықтарының ажырамас бөлігі.Сондықтан оның өрісін кеңейтіп,дені сау өрісі биік ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналдыра білсек ұтқанымыз. Бүгінгі іс- шарада оқушылар ерекше белсенділік көрсетіп, өздерінің ұлттық құндылықтарымыздың бүгінгі балаларға қызықты екенін көрдік. Әр оқушы өз талабын жоғары деңгейде көрсете білді.