“Адал Азамат» бағдарламасы аясында 1 «Е» сыныбында «Мен оқыған бір кітап» атты танымдық әрі көңілді іс-шара өтті. Кітапханашы Б.Т. Альжанова мен сынып жетекшісі Е.А. Шмыреваның ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар кітаптар әлеміне еніп, өздері оқыған шығармалар туралы әсерлерімен бөлісті. Ертегі кейіпкерлерін жұмбақ арқылы табу, қызықты ойындар мен викторина балалардың қызығушылығын арттырды. Кітапханада жылы, қуанышты атмосфера қалыптасты. Іс-шара соңында оқушыларға тәтті сыйлықтар беріліп, кітап оқуға деген ынтасы одан әрі күшейді.