2025 жылғы 5 қыркүйекте 9- сыныптар арасында Тілдер мерекесіне орай “Ахмет Байтұрсынұлы: Ұлт руханиятының көсемі” атты танымдық іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін салушы, ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға таныстырып, тілге деген құрметті арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат алып, көркем сөз оқыды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар мен танымдық ойындар арқылы оқушылардың білімдері сыналды. Шара өте әсерлі өтіп, оқушылардың рухани дүниесін байытып, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.