Skip to content

Ауған жауынгерлерімен кездесу кеші

Т.Бигелдинов атындағы #1 мектеп-лицейінде Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне арналған 10 А, В сынып оқушылары арасында Ауған жауынгерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл оқушылардың жанды тарихты сезінуге мүмкіндік берген мазмұнды және терең оқиға болды.
Ардагерлер қызмет барысындағы естеліктерімен бөлісті, басынан өткерген қиыншылықтарын, соғысқа көмектескен әскери бауырластық туралы айтты. Оқушылар әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады, Ауғанстандағы жауынгерлердің өмірі, басынан кешкендері мен ерліктері туралы сұрақтар қойды.Гүл шоқтарын қою және қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алу ерекше әсерлі сәт болды. Қонақтарға Ғазизова Дильназдың «Көкек» әнін және Джулымбетова Сәнияның фортепианода ойнауы әсер тигізді.
Бұл кездесу баршамызға бейбітшіліктің маңыздылығын, тарихқа құрметпен қарауды және әскери борышын өтегендердің ерлігін еске түсірді.Келген қонақтарымыз Жаңабаев Жанайдар Тасмұханұлына, әскери дәрігер Талғат Шамұратұлы Ниязовқа және лицейіміздің АӘД директорының орынбасары Баймаханбетов Дәулет Ибадиллаұлына батылдық, шынайылық танытып, өскелең ұрпаққа ерлік пен патриоттық тағылымын жеткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Қонақтар мектеп әкімшілігіне, оқушылар мен сынып жетекшілеріне Сыздықова А.Б. , Сакенов Р.Е алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *