Skip to content

«Цесна» компаниясы

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің 4 «К» сынып оқушылары «Цесна» компаниясына экскурсияға барды.
Оқушылар кәсіпорынның жұмыс үдерісімен танысып, өнімдердің қалай шығарылатынын өз көздерімен көрді. Зауыт мамандары балаларға өндірістің әр кезеңін түсіндіріп, қажетті техникалар мен құралдардың қызметімен таныстырды.
Экскурсия оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың білімін кеңейтіп, еңбек пен кәсіп туралы түсініктерін арттырды.
Сынып жетекшісі: Алмагуль Муратовна

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *