Skip to content

Дарынды тарихшысы Ермұхан Бекмаханов

Биыл қазақтың дарынды тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл толып отыр. Осыған орай 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға 9Б сыныптың екі оқушысы – Сайлаубек Айдана және Галихайдарова Юлия (тарих пәнінің мұғалімі Ниязбекова А.И. жетекшілігімен) қатысты.
Айдана 19 ғасырдағы Қазақстан тарихын зерттеу мәселелері мен Е.Бекмахановтың қосқан үлесін көрсететін постерлік презентация дайындады. Ал Юлияның сөзі Е.Бекмахановтың ғылыми еңбектерін салыстырмалы талдауға негізделген. Әр оқушы өзінің тақырыптық бөлімінде сайысқа жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Қыздарды және олардың тәлімгерін жеңісімен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *