
Директор
Құрметті оқушылар, қадірлі әріптестер мен ата-аналар!
Міне, кезекті оқу жылы да өз мәресіне жетті. Бұл жыл баршаңыз үшін толымды табысқа, жемісті еңбекке, жарқын сәттер мен жаңа белестерге толы болды. Әрқайсыңыз осы жылдың еншісіне өз үлестеріңізді қосып, мектеп өміріне мән бердіңіздер!
Қымбатты оқушылар!
Сіздер — біздің үкілеген үмітіміз, жарқын болашағымыздың кепілісіздер! Білімге деген талпыныстарыңыз, жетістіктеріңіз бізді қуантады. Алдағы жазғы демалысты мәнді де қызықты өткізіп, жаңа оқу жылына тың күшпен оралуыңызға тілектеспін!
Құрметті ұстаздар!
Оқу жылының жетістіктері — сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі! Сіздердің кәсібиліктеріңізге, адал қызметтеріңізге, шәкірт жүрегіне жол таба білетін ізгілігіңізге алғысымды білдіремін!
Ардақты ата-аналар!
Мектеппен тығыз байланыста болып, әрдайым қолдау көрсеткендеріңізге зор алғыс. Сіздердің сенімдеріңіз бен ынтымақтастықтарыңыз — біздің үлкен күшіміз!
Жазғы демалыс баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, сергектік пен жаңа шабыт әкелсін! Келесі оқу жылында аман-есен жүздескенше!
Ізгі тілекпен,
Рысмухамбетова М.Д.
Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің директоры
