2025 жылғы 2 желтоқсанда “Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде”
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраева А.Т. интерактивті педагогикалық воркшоп форматындағы іс-шара өткізді.
Воркшоптың мақсаты — педагогтардың авторлық білім беру бағдарламаларын жобалау саласындағы құзыреттіліктерін дамыту, яғни идеяның пайда болуынан бастап оны оқу үдерісіне практикалық тұрғыда енгізуге дейінгі барлық кезеңдерді меңгеру.
Педагогтар алынған білімнің маңыздылығын, жаңа дағдыларды, авторлық бағдарламаларды қолданудың мүмкін бағыттарын атап өтіп, іс-шараның практикалық пайдасын жоғары бағалады.