Т.Бигелдинов атындағы 1 мектеп-лицейінің “ ЭКО сана” белсенділері “Қалдықтарды табысқа айналдыру” үгіт- насихат сағатын өткізіп,көп қызықты деректермен бөлісті.
Күн сайын миллиондаған тонна қоқыс табиғатқа тасталып, экологиялық жағдайды нашарлатады. Сондықтан қалдықтарды дұрыс өңдеу және қайта кәдеге жарату – әрбір азаматтың маңызды міндеті.
Қалдықтарды дұрыс өңдеу – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдарының бірі. Егер әрбір адам қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырса, біз табиғатымызды таза әрі жасыл күйінде сақтай аламыз. Жерді қорғау үшін қалдықтарды дұрыс өңдейік!
Таза Қазақстан – бізден басталады!