Skip to content

Кәсіптік бағдар беру бойынша мектеп оқушыларымен кездесу.

«Астана бас жоспары» институтында мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті.

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары елорданың бас жоспарымен танысу мақсатында Институтқа келді.

Бөлім басшысы Мәулет Әлібаев таныстырылымын қала құрылысы құжатының мәнін түсіндіруден бастады. Ол бас жоспар дегеніміз не, қандай мерзімге әзірленетіні және қай бағыттарды қамтитыны туралы айтып берді.

Болашақ сәулетшілер, инженерлер мен дизайнерлер қаланың қалыптасу және даму кезеңдері туралы мағлұмат алды. Институт қызметкері маңызды жобалар жайлы айтып, қаланың әсем сәулеттік келбеті сәулетшілердің кәсібилігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары Институттың урбанистика орталығының қызметімен де танысты. Урбанист-сәулетші Гүлнұр Капсалимова карта арқылы саябақтар мен скверлерді абаттандыру принциптерін көрсете отырып, биыл жүзеге асырылған жобалармен таныстырды.

Орталық басшысы Данияр Чиндалиев оқушылар назарына қалалық кеңістіктер мен елорданы көгалдандыру жобалары туралы презентация ұсынды.

Мектеп оқушылары мамандардың таныстырылымын мұқият тыңдап, қызықтырған сұрақтарын да қойды. Осындай кәсіби бағдар беру кездесулері болашақ мамандықты таңдауға ықпал етеді.

Болашақ кәсіп туралы бүгіннен бастап ойланған жөн.

@sh_1_astana_

#профориентация#астанабасжоспары#болашақмамандықтаңдау

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *