Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейде 5–7 сыныптар арасында өткен “Күзгі сән” көрсетілімі жылы әрі жайдарлы атмосферада өтті. Оқушылар ата-аналарымен бірге алдын ала дайындаған ерекше образдарын таныстырып, көрерменге әсем көңіл-күй сыйлады. Әрқайсысы өз стилімен көзге түсіп, шараны одан әрі көркемдей түсті.
Іс-шара барысында мектеп парламенті қатысушылар мен ата-аналардан интервью алып, олардың дайындық барысы мен әсерлері туралы сұхбат жүргізді. Көрсетілім жарқын, есте қаларлық және нағыз күздің жылуын сездірген тамаша шара болды.