Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде Ұстаздар күніне орай мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Мен үлгі тұтатын ұстазым!” атты челлендж өткізілді. Шараға белсене қатысқан оқушылар өз ұстаздарына деген құрметі мен алғысын білдіріп, олардың еңбегін ерекше бағалады. Бұл челлендж ұстаз мамандығының мәртебесін көтеріп, шәкірт пен ұстаз арасындағы сыйластықты нығайтады.
#ҰстазғаАлғыс
#ҰстазғаТағзым