2025 жылғы 22–23 қыркүйек күндері Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің 8–9 сыныптарында «Мен және менің отбасым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Сабақтың мақсаты — отбасына деген құндылықты қатынасты дамыту, отбасылық байланыстарды нығайту, ұрпақтар арасындағы құрмет пен түсіністікті қалыптастыру. Тренинг барысында оқушылар өзін-өзі тануға арналған жаттығулар орындап, отбасының адам өміріндегі маңызы жөнінде пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.