Орыс тілінің және әдебиетінің апталығы аясында Т.Бигелдинов атындағы #1 мектеп-лицейдің 8 сыныбы үшін Н.В.Гогольдің «Ревизор» шығармасы бойынша викторина өткізілді. Викторинаны Таженова Р.Т. негізгі сұрақтар бойынша ұйымдастырды: шығарманың жазылу тарихы, тақырыбы, образдары мен комедияның мәселелері.