2025 жылы 29 тамыз күні, Талғат Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицей мұғалімдер арасында “Педагогикалық кеңес” өткізілді. 29-тамыз күні «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы: “2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі әдістемелік-нұсқау хатты таныстыру, “Адал азамат ” біртұтас тәрбие бағдарламасы және жасанды интеллект элементтерін білім беру процесіне енгізу туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы: оқу жұмыс жоспарын, оқу жүктемесін, сабақ кестесін, мектепті дамыту жоспарын, мектепішілік бақылау жоспарын, әдістемелік кеңес жоспарын, жас мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру жоспарын, әдістемелік күнтізбелік-нұсқаулық жоспарын, және педагогикалық кеңес жоспарын, жылдық оқу-тәрбие жоспарының басым бағыттарымен таныстыру, бекітуге ұсыну.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы: санитарлық нормалардың сақталуын, білім алушыларды тамақтандыруды, “Мектепке жол” акциясы, инклюзивті ортаның ұйымдастырылуы, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және т.б. сұрақтар қаралды.
Педагогикалық кеңес соңында ұстаздар мен мектеп қызметкерлері марапатталып, қатысушылар әр мәселе бойынша дауыс берді.
2025-2026 оқу жылын айқын мақсат, жаңа серпіліспен бастаймыз