«Бірлік және ынтымақ» айы аясында педагог-психологтар 4, 5 және 6-сынып оқушыларына «Позитивті қарым-қатынастың күші» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізді.
Сабақтың мақсаты – балаларға қауіпсіз, сыйлы және жанашыр қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өмірден алынған мысалдармен бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп, қақтығыстарды конструктивті шешу жолдары туралы ой бөлісті және өзара әрекеттесуде өз позитивті нұсқаларын ұсынды.
Ерекше назар өзара физикалық және эмоционалдық әрекеттесу мәселелеріне аударылды.