«Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» ойыны
3–4 желтоқсан күндері Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің 10–11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Оқушылар қаржылық қауіпсіздікке арналған білімдік-танымдық ойыннан өтіп, түрлі деңгейлер бойынша тапсырмаларды орындады.
Ойынның мақсаты:
Барлық деңгейлерден сәтті өтіп, дұрыс шешім қабылдай білу арқылы нағыз қаржылық қорғаушы болу — өздігінше ойлайтын, алаяқтардың айла-амалдарына алданбайтын тұлға қалыптастыру.
Білім беру құндылығы:
дұрыс және сындарлы ойлау дағдыларын дамыту;
қаржылық алаяқтықтың түрлері, қауіптері мен тәуекелдерін ажырата білу;
қаржылық сауаттылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
қабылданған шешімдер мен жасалған іс-әрекеттер үшін жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.