Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясында жыл сайын 18 жастан асқан қала тұрғындарына арналған тегін қазақ тілі курсын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Осы орайда ересектерге қазақ тілін оқытатын оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері» атты қалалық оқу-әдістемелік жоба жұмысы ұйымдастырылды. Астана қаласы бойынша 16 мектеп іріктеліп қыркүйек айынан бастап жұмыс басталып кетті. «Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп – лицейі» ШЖҚ КМК 2 «А» сынып ата – аналарымен тыңдаушылар іріктеліп, тест өткізіліп В2 деңгейі анықталды. Қазіргі таңда құрылған сабақ кестесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
