*Тәлімгерлік апталығы аясындағы тәжірибелі сабақ*
Бүгін апталық аясында математика пәні мұғалімі Сыздыкова Амина Бөкеновна 11 “Г” сыныбында «Степенная функция, её график и свойства» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өзінің мол тәжірибесімен жас мамандармен бөлісті.
🔹 Сабақ барысында:
– бағалау тәсілдерінің тиімділігі,
– мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты орнату жолдары,
– топтық жұмыстың белсенді ұйымдастырылуы,
– АКТ құралдарын орынды қолдану сынды маңызды аспектілер сәтті іске асты.
Сабаққа қатысқан жас мамандар үшін бұл тәжірибе кәсіби дамуға үлкен серпін берді.
🔍 Тәжірибелі ұстаздың шеберлігінен үйрену — сапалы білімге бастар жол!