«Таза Қазақстан»республикалық жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “ Наурыз – жаңару күні” мерекесінің қарсаңында 17 наурыз күні Т.Бигелдинов атындағы 1 мектеп-лицейінде “Суды үнемде -өмірді сақта!” челленджі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары сурет салса,5-7 сынып оқушылары постер жасап,8-11 сынып оқушылары суды үнемдеу жолдары бойынша нұсқаулық дайындады. Сынып сағаты барысында қызықты экологиялық ойындар мен викториналар өтті. Экологиялық іс-шаралар судың адам өміріндегі рөлін түсінуге көмектесті.
Су- баға жетпес ресурс.
Суды үнемдеңіз – болашақты сақтаңыз!