Skip to content

«Ұлттық мұра – қазынам»

Астана қаласы «Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицей ШЖҚМ КК» наурыздың 12 – 18 аралығында «Ұлттық мұра – қазынам» атты қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ апталығы бекітілген жоспарға сай өтіп жатыр. Тіл – халықтың рухы, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру – әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін мақсат. Үзіліс уақытында оқушылармен Асық», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ, арқан тарту» ойындары ойнатылды. Осы іс-шараның мақсаты балаларды ұлттық ойынмен таныстыру, дұрыс ойнауға баулу, қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін жетілдіру. Ептілік, икемділік дағдыларын қалыптастыру. Ойынды ойнату арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *