Skip to content

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! 🌸

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! 🌸

20 наурыз күні Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз кеңінен тойланды! 🎉

🏡 Мектеп ауласында киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылып, барша қонақтар дәстүрлі қазақы қонақжайлылықтың куәсі болды.
✨ Қыдыр ата ақ батасын беріп, шашу шашып, мерекеге ерекше рух сыйлады.
🎤 Концерттік бағдарламада оқушылар ұлттық ән айтып, күмбірлетіп күй тартып, мың бұрала би биледі.
👗 «Ұлттық киім – ұлттық мұра» байқауында 8-11 сыныптың арулары қазақы сәннің көркіне айналды.
🥋 World Kyokushin Kaikan Академиясының спортшылары өз шеберліктерін көрсетіп, жиналғандарды тәнті етті.
🏅 Спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
🌼 Барша қонақтарға Наурыз көже мен бауырсақ таратылып, мерекелік дастарқанның сәні кірді.

✨ Наурыз – жаңару мен жаңғыру, мейірім мен молшылықтың символы! ✨
Баршаңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! 🌿💫

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *