Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде “Адал азамат” бағдарламасы аясында “Ұшқыр ой алаңы” жобасына орай “Феникс” дебат клубының жетекшісі А.Е. Огузбаевтың басшылығымен «Форматтармен танысу» тақырыбында отырыс өткізілді. Отырыста қатысушылар негізгі дебат форматтарымен — Британдық парламенттік, Карлов, Линкольн–Дуглас және классикалық форматтармен танысты. Сондай-ақ әр форматтың құрылымы, ережелері мен спикерлердің рөлі талқыланды.
#АдалАзамат”бағдарамасы
#ұшқыройалаңы