«Адал азамат» бағдарлама бойынша «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында полиция капитаны Кодеков Ж.Б. ОКП қызметкері, полиция капитаны Тажибеков М.Т.-мен бірлесіп, «Қауіпті жүргізуші» жедел- алдын алу іс-шарасы аясында Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің оқушыларына жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысу кезінде жауапкершілікті арттыру мақсатында профилактикалық кездесу өткізді.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Ойын құмарлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға ойын тәуелділігінің қаупі, салдары және оны болдырмау шаралары туралы ақпарат берілді.