Жас мамандарға қолдау: Тәлімгерлік апталығы 🚀
Мақсатымыз: Жас мамандарымыздың жұмысқа деген ынтасын арттыру және оларға сенімділік сыйлау!
Бүгін, 01.12.2025 күні, Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейде Тәлімгерлік апталығы бастау алды! Бұл – жас мамандарымыздың кәсіби өсуі мен бейімделуіне арналған ерекше мүмкіндіктер мен қолдау форматы.
Апталықтың алғашқы күні өте тиімді және қажетті психологиялық тренингпен ашылды. Тренинг барысында мектеп психологтары Шупова Б.М. және Мордовец А.С. өздерінің тәжірибесіне негізделген, мазмұнды және практикаға бағытталған ақпараттармен бөлісті. Қатысушылар өздерінің кәсіби дамуына, стресске қарсы тұру дағдыларына, жұмыста және өмірде қолдануға болатын пайдалы тәсілдер мен практикалық құралдарды игерді.