2025 жылғы 17 қазан күні “Адал азамат” біртұтас бағдарламасы аясында 9 “А” сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Савенкова Н.А. «Желідегі қауіпсіздік» челленджін ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, желіде жеке деректердің құпиялығын сақтау, кибербуллингтің алдын алу және интернетті саналы пайдалану дағдыларын дамыту болды.
Челлендж барысында оқушылар топтық жұмыс арқылы цифрлық қауіпсіздік ережелерімен танысып, интерактивті сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерді анықтау және олардан қорғану жолдары талқыланды.
#Желідегіқауіпсіздік2025
#Безопасностьвсети2025