🚔 Жол қауіпсіздігі – бәріміз үшін маңызды!
Бүгін полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, жолда жүру ережелерін, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен түнгі уақытта көшеде себепсіз жүрмеудің маңызын түсіндірді. Қазіргі ауа-райының қолайсыздығына байланысты тайғақ жерлерде мұқият қарап жүруді ұсынды.
Оқушылар сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жауапкершілікті арттыруға үлкен үлес қосады.
#ЖолҚауіпсіздігі #Полиция #ҚауіпсізМектеп #АлдынАлуЖұмысы